Мерекелік іс-шараны ұйымдастырушылар ұлттық және қолданбалы спорт түрлері бойынша сан алуан жарыстар мен турнирлер жоспарлап қойған. Сонымен қатар қызметтік жаттығу, зейнеткерлерге ақшалай төлем, аула клубтарының фестивалі секілді әлеуметтік-маңызды іс-шаралар да қарастырылған. Одан бөлек, 30 тамызда орталық алаңда қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен мерекелік кеш өтеді, сауда павильондар жұмыс істейді, ал кешке таман ескі алаңда би кеші ұйымдастырылады.
Мұнымен қатар 30 тамыз 10.00-21.00, сондай-ақ 31 тамыз 10.00-19.00 аралығында әкімдік алдындағы орталық алаңда, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттер саябағында» жаппай халықтық серуен өтеді.