Алматы қаласы Әуезов ауданының №18 қалалық емханасында вирустық гепатит ауруларының алдын-алу бойынша Ашық есік күндері өткізілді.
Шілде және тамыз айларының аралығында өткен ауқымды іс-шараға аудан тұрғындары белсене қатысып, дәрігерлер тексеруінен өтті.
«Кең тараған және адамға қауіпті жұқпалы аурулар түріне жататындықтан бұл дерттің алдын-алған жеңілірек болады. Себебі, адам ұзақ уақыт дәрігерге қаралмай ауруды асқындырып алар болса, ендеше емдік процестер де ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Ашық есік күндері аясында күніне 7-8 адамды қабылдап, оларда вирустық гепатиттың белгілері бар ма, жоқ па соған байланысты арнайы тексерістен өткіздік, сондай-ақ келушілерге кеңес беріп, насихаттық кітапшалар тараттық дейді, – дейді аталмыш емхананың дәрігер-инфекционисі Нұргүл Тоқсанбаева.
Айта кетелік, вирустық гепатит жіктеу түрлеріне қарай 5 түрге бөлінеді. Атап айтар болсақ, бұлар: А, В, С, D, E, G түрлері. Бұлардың арасында А гепатиті немесе Боткин ауруы ең көп тараған. Ал емханадағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің үйлестірушісі Анель Жанысованың айтуынша осынау аурудың алдын-алу үшін ең алдымен жеке бастың гигиеналарын сақтау қажет. Сондай-ақ су және тамақ өнімдерінің тазалығын да назардан қалыс қалдырмаған жөн.