Отырысқа Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы әділет полоковнигі Н.Т.Нығметжанов, ОРУИИ ДУИС әділет полоконигі О.А.Абласанов, Алматы облысы ІІД әкімшілік полициясы басқарушысының орынбасары полиция подполковнигі Ш.А.Сабуров қатысты.
Жиын барысында сотталғандарға қоғамның пікірін қалыптастыру, түрмеден шыққандарды есепке тұрғызу және есепке тұрғызылған қылмыскерлердің қылмыс жасауы мен заңбұзушылық әрекеттерге жол бермеуін қадағалау сынды мәселелер талқыланды. Қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету үшін түрмеден босатылған азаматтарды толыққанды бақылауға алу – қос органның басты міндеті.
Осы мақсатта жасалатын немесе дайындалған қылмыс жөнінде Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағындағы құқық қорғау органдарын дер кезінде ақпарттандыру, түрмеден босатылған азаматтардың өмір сүру салты мен жұмысын толыққанды бақылау, есепке алынған бұрынғы сотталушылармен тоқсанына бір рет жоспарлы кездесу өткізу, аймақтағы ірілі-ұсақты құқықбұзушылық әректтерін болдырмау һәм тәртіпті қадағалау туралы жоспарды ортаға салатын жиындар ұйымдастыру керек деген шешім қабылданды.