Көшедегі экраннан көрсетілген сорақы роликтің қайдан шыққаны анықталды

Алматыдағы Республика сарайының экранынан көрсетілген сорақы роликтің қалай, қайдан шыққаны анықталды. Мегаполистің Ішкі істер департаменті үлкен экранның бақылауына жауапты серверге қосылған IP мекенжайын тапты.

 

Порнографиялық көріністі жариялаған хакер ұсталды. 20 жастағы күдікті тағылған айыпты толық мойындап, болған жайтты заң қызметкерлеріне түсіндірген.

Айтуынша, хакердің досы Республика сарайының алдынан өтіп бара жатқан кезде сарайдың дисплейіне шыққан экранды басқару паролін көріп, досына жеткізеді. Ал күдікті - «Колесо» ЖШС-ның программист маманы анайы роликті ермек үшін экранға қосып жіберген.

 

Енді ойнап отырып, от басқан 20 жастағы азамат заң алдында жауап береді.

Ермек Болтаев, Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы:

Қазір оның үстінен  Қылмыстық Кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Бұл бапта 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Сонымен қатар, Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері оның үстінен 257-баптың 1 бөлімі бойынша іс қозғауы мүмкін. Бұл бапта 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.



kaztrk.kz

Оразов Аршат
 |  0 53

Похожие публикации

В Капитолии нелегально скачивали порно
Украинец признался в распространении детской порнографии в США