«23 шілдеде қаржы полициясы қызметкеріне қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығару үшін 2 млн теңге көлемінде пара берді» деген күдікпен «Тұрғын үй» МКҚМ-нің бұрынғы директоры Н.Түрежанов және «Стронг Базис» ЖШС-нің басшысы М.Жамалов ұсталды», деп хабарлады Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметі.
Қаржы полициясы «Тұрғый-үй коммуналдық қожалығын жетілдіру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласының Қонаев гүлзары бойындағы үйлерді қалпына келтіру құрылыс жұмыстарына 5 млн теңге көлеміндегі бөлінген қаржыны мақсатпен жұмсалуына тексеру жүргізді. «Тұрғын үй» МКҚМ - аталған жоба бойынша тапсырыс беруші, «Стронг Базис» ЖШС - мердігері.
Ағымдағы жылғы 24 шілдеде Түрежанов және Жамаловқа қатысты ҚК-нің 312-бабы 4-бөлігінің «а,б» тармақтарымен (пара беру) қылмыстық іс қозғалды.