Үш жылдық бюджет

Бес жылдан кейін, яғни 2018 жы­лы мұнай өндіру көлемі 110 млн. тон­­наға жетеді. Мұнай және газ министр­лігінің болжамы бойынша келесі жы­лы мұнай өндіру көлемі 83 млн. тон­на болмақ. Алдағы жылдары қыз­мет көрсету саласы қарқынды дамып, сауда көлемінің өсімі 9,8 пайыз болады, ал көлік және байланыс қызметтері орташа алғанда 7 пайызға артады деп күтілуде.

Тауарлар экспорты негізінен мұнай құнының болжанған бағасы төмен болуына байланысты келесі жылы 4,2 пайызға төмендейді. Ал 2015 жылдан бастап экспорт көлемі орташа алғанда 8,7 пайыз қарқынмен өседі. Бұған мұнай экспорты көлемі артуының нәтижесі ықпал етпек. Бұл болжамдарды кеше Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жос­парлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. 2014-2018 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына арналған Үкімет отырысында министр Парламентке енгізілер заң жобасымен бюджет кодексіне және конфессиялар туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылатынын баяндады. Ми­нистрдің сөзіне қарғанда, 2014-2018 жылдары экономиканың нақты өсімі 6-7,1 пайыз деңгейінде болжанып отыр. Ши­кі­зат­тық тауарға сыртқы сұраныстың баяу қалпына келуі жағдайында экономиканың өсімі орта мерзімді кезеңде индустриялдық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобалар көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілмек. Бұл тұрғыда Қашаған кен орнында мұнай өндіру мен халықтың тұтыну деңгейінің өсімі ескеріліп отыр­ғанын айта келе Е.Досаев аталған кезеңде ішкі сұраныс орташа алғанда 7,5 пайыз деңгейіндегі қарқынмен өсетінін мәлім­деді. Ал инфляцияның жылдық деңгейі 2014-2018 жылдары 6-8 пайыз дәлізінде болады деп болжануда. «2014 жылғы номиналды ішкі жалпы өнім 38,6 трлн. теңгеден 2018 жылы 65,9 трлн. теңгеге дейін өседі деп болжанып отыр. Ал, 2014 жылы халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,6 мың АҚШ долларын құрап, 2018 жылға қарай бұл көрсеткіш 24 мың АҚШ долларына дейін жетеді. Келесі жылы республикалық бюджет түсімі 5 трлн. 773 млрд. теңге көлемінде жоспарлануда. Мұнай секторындағы салықтар тү­сімінің болжамына сай, Ұлт­тық қордағы қаражат 2014 жылдағы 93,9 млрд. доллардан 2016 жылы 122,1 млрд долларға дейін жетеді деп болжануда. Мемлекет Басшысы мақұлдаған фискалды реттеу тетіктерін ескере отырып, «2014-2016 жылдарға ар­налған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттер туралы заң жобасымен 2014-2016 жыл­дарға арналған кепілді трансферт 1380 млрд. теңге көлемінде айқын­далды. Бұл 2013 жылдағы деңгеймен сәй­кес келеді. Бюд­жеттік блоктың заң жобаларымен бірге «2014 жылға арналған ҚР Ұлттық қордан мақсатты трансферт туралы» Президент Жарлығының жобасын ұсынып отыр­мыз. Жарлық жобасына сай, 2014 жылы «ЭКСПО- 2017» көрмесіне дай­ын­дық шаралары мен ірі инфрақұ­ры­лымдық жобаларды жүзеге асыруға Ұлт­тық қордан 150 млрд. теңге бөлу қарас­тырылған», – деді министр.

Талқылаудан соң Үкімет Экономиканы және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бюджетті қалыптастыру бағытында ұсы­нылған құжаттар топтамасын мақұлдады. Үкімет басшысы министрлік пен барлық мүдделі мемлекеттік органдар 3 жылдық және 2014 жылға арналған бюджетті сапалы қалыптастырғандығын атап өтті. Қа­зіргі уақытта бюджетті өткізудің барлық кезеңдерін атқару және дер уақытында Парламент қарауына беру міндеті тұр­ғанын айта келе С. Ахметов министрлер кабинетінің негізгі мақсаты – бюджетті сапалы орындау екенін мәлім етті.


Источник : Газета Дала мен кала
Е.ӘБДІЖАППАРҰЛЫ
 |  0 79

Похожие публикации

Призрачная вода
В правительстве рассмотрели и одобрили проект трехлетнего бюджета
В 2018 году ВВП на душу населения в Казахстане достигнет $24000
В Усть-Каменогорске открыли новый автомобильный мост через Ульбу
МЭБП РК готовит второй блок поправок в бюджетный кодекс