Әлеуметтік желіден қалай құтыламыз?

Ұлыбританияның екі бағдарла­машысы шығарған 120 сайт және әлеуметтік желілермен байланыс ор­натқан Justdelete.me сайтының әрбір ресурсы есеп жазбасының қиыншы­лығына қарай әртүрлі түске боялады. Мәселен, оңай өшірілетін сайттар жасыл түсті ресурс болса, сары түстісі бел­гілі бір қиыншылықтармен өшіріле­тін сайт, ал қызыл түсті ресурстар есеп жазбасын өшіру үшін қолдау қызметіне сұраныс жіберілуі тиіс сайттар. Ал ағымдағы ресурста аккаунттың өшірілуі мүлдем мүмкін емес сайттар қара түспен белгіленеді. Мысалы, Wikipedia, Wordpress, Craiglist және Evernot сынды ресурстар қара түспен белгіленген.
Justdelete.me ғаламтордағы есеп жазбасын өшіретін тұңғыш сайт емес. Мамыр айында Facebook әлеуметтік желісінде Social Roulette сынды қосым­ша болған. Аталмыш қосымшада тұты­нушылар «орыс рулеткасын» ойнайды. Егер ғаламтор тұтынушысы ойыннан «жеңілсе» онда желідегі парақшасы өздігінен жойылады. Әйткенмен, көп ұзамай қосымша жойылып кетті. Ал Justdelete.me сайты арқылы әлеуметтік желіден оңай құтыласыз.

Источник : Газета Айкын
Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ
 |  0 81