Биыл 10 қыркүйекте қымбат бағаланатын iPhone телефонының жаңа нұсқасы халыққа таныстырылмақ. Бұл күні Apple компаниясы өз тұтынушыларын бір ғана өніммен емес, бірден бірнеше өніммен қуантады.
Әлемнің БАҚ таратқан бұл ақпаратты Apple компаниясы жоққа шығармады. Әйтсе де, бұл - мезгілінен бұрын тарап кеткен жаңалық.
Сарапшылардың айтуы бойынша, iPhone 6 үш модельде шығады: iPhone 6, iPhone 6mini және iPhone 6 XL. Үшеуінің экран көлемінен басқа еш айырмашылығы болмайды.
Өзара бәсекелесіп алған Samsung корпорациясын басып озу үшін "тістелген алма" келесі өнімдерін арзан бағада шығарады деген болжам да бар.
iPhone 5 телефонына сұраныс төмендеп кеткен еді, жаңа өнімді ел қалай қабылдар екен?