«Ана туралы аңыз» әскери драма. Айта кету керек, туындыға Қазақстан мен Ресей киногерлері атсалысып отыр. Туынды жақын арада үлкен экранға жол тартады. Сондай-ақ «Қазақфильм» алдағы уақытта бірқатар жаңа туындылардың тұсауын кеседі. Режиссер Сатыбалды Нарымбетов тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмахановтың тағдыры туралы «Аманат» атты туындыны қолға алды. Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі һәм шығармашылығына арналған фильм түсіріледі.