Экономика
Үш жылдық бюджетБес жылдан кейін, яғни 2018 жылы мұнай өндіру көлемі 110 млн. тоннаға жетеді. Мұнай және газ министрлігінің болжамы бойынша келесі жылы мұнай өндіру көлемі 83 млн. тонна болмақ.
Елдегі қуатты үнемдеуге көшемізЕл Үкіметі қазақстандықтардың бензинді аз жұмсайтын, үнемді автокөліктер сатып алуын ынталандыратын болды. Сонымен бірге «Хаммер», «Лэнд Крузер» сияқты жанармайды «жалмайтын» ірі «темір тұлпарлардан» жиылатын алым арттырылғалы отыр.
48 элеватор дайын емесБүгінгі таңдағы астық қабылдайтын кәсіпорындарды тексеру жоспарына сәйкес 213 лицензияланған элеваторлардың ішінен 187 астық қабылдау кәсіпорындары тексеріліп, оның 139-ы ғана дайын болып шықты.
Өрісті өнеркәсіп орындарыОсыдан 5-6 жыл бұрын Жаркент қаласындағы «Алым-Астық» ЖШС-нен сатып алып құрылған «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС бүгінгі таңда қанатын кеңге жайып, ірі өнеркәсіп орнына айналды.
Жүз жылдан кейінгі жарқын сәтКеше Қостанай станциясының басына жиналған жұрт тарихи сәттің куәсі атанды. Себебі, жаңа Қостанай – Железорудная электрлендірілген телімінде жүйткіген алғашқы электровоз бірінші жолға келіп тоқтап, ниеттес ағайынды зор қуанышқа бөледі.
Оңтүстік Корея елінде...Қазіргі таңда қазақ бизнес саласындағы қазақтың бизнеске қажетті кадрларын кімдер ұстаханадан өткізіп жатыр деген сауал барша экономистерді мазалайды.
Жартыжылдықты қорытындыладыЖамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясының) бастығы М.Нәлібаевтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша жедел мәжіліс өткізілді.
Қатерлі 85 миллиард долларАҚШ федералдық қаржы жүйесінің басшысы Бен Бернанке мырза соңғы «тұяқ серперін» жасағысы келді ме, кім білсін, әйтеуір федералдық қаржы жүйесі күн сайын 85 миллиард доллардың облигацияларын сатып алу ісін жалғастыратыны жайлы мәлімдеді.
Аграрлық саланың өрісі кеңіп келеді«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Мақажанов журналистерге холдинг компаниялары тобының үстіміздегі жылғы жұмысының нәтижелері мен оның негізгі бағыттары жайлы әңгімелеп берді.