Көп адам таңертең ұйқыдан өзін тым шаршаңқы және жаман сезініп оянады. Бұл Боулдере университетінің ғалымдарын толғандырса керек, себебін анықтады. Олардың кеңесі бойынша, ертерек ұйқыға жатып, түнде мүлде жарықты жағып қалдырмау керек.
Сан мыңдаған жылдар бойы адамдар күн ұясына батқанда ұйқыға жатып, күнмен бірге оянып келген. Алайда, қазіргі кезеңде бұл өзгерді. Электр қуаты пайда болғаннан табиғи биоырғақтар адамды "басқара алмайтын" жағдайға жетті. Қазір түн ортасынан ауғанда ұйқыға жатып, шаңқай түсте ояна береміз.
Себебі, ағзаның тәуліктік ырғағын, сондай-ақ ұйқыны, сергектікті реттеп отыратын мелатонин гормонының адам қанындағы көлемі күн сәулесіне байланысты екен.
Шамамен ұйқыға екі сағат қалғанда қандағы мелатонин көбейіп, таңға жақын жәймен төмендейді. Егер адам сол қажетті уақытта ұйқыға жатпаса, қандағы мелатонин деңгейі жоғары күйінде қалады да, адам ұйқысын аша алмай, өзін шаршаңқы сезініп жүреді. Бұл - ағзадағы тәуліктік ырғақтар бұзылды деген сөз.
Биоырғақты қалыпқа келтіруге болады. Ол үшін табиғатқа, мысалы тауға, тоғайға шығып, күнмен бірге ұйықтап, күнмен бірге ояну керек.